Залал - 52 млн: Қарағанды облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

0
271

Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды.


Залал - 52 млн: Қарағанды облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында "Sincere Systems Group" қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп жазады sputnik.kz.
Пирамиданың ұйымдастырушылары өздерін Ұлыбританиядан келген компания өкілдері ретінде көрсетіп, азаматтарға әртүрлі коммерциялық бағыттарға, соның ішінде медициналық каннабисті өсіру және жаһандық сатылымға инвестиция салуды ұсынған.
"Клиенттердің сенімін арттыру үшін жеке кабинеттері бар сайт құрылған. Онда пайдаланушылар ішкі SWP және SWCT токендері арқылы есепшоттарын толықтырып, фиаттық ақшаға айырбастаған. Күдіктілер түскен қаржыны жеке мақсаттарына пайдаланған", - дейді ведомство.
Салдарынан 52 млн теңге залал келген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 76 млн теңге тұратын мүлкіне: Теміртау қаласындағы жер учаскесі мен кемпингке, Астана қаласындағы пәтер мен автотұраққа тыйым салынды.
Күдіктілердің бірі үйқамаққа алынған, екіншісі — елден шықпау туралы қолхатпен босатылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, іс материалдары тараптарға танысу үшін берілді.