Оқиғаның мән-жайын 2025 жылғы 20 мамырда көліктегі полиция департаменті мәлімдеді.
Фото: Zakon.kz
Оқиғаның мән-жайын 2025 жылғы 20 мамырда көліктегі полиция департаменті мәлімдеді.
"17 мамырда Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалының ғимаратында эпилепсиямен ауратын әйелге шұғыл көмек көрсетіп, жоғары кәсіби даярлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сағат 09:44 шамасында вокзал кезекшісі бірінші қабатта әйел адамның есінен танып, құлап қалғанын перрондардың бірінде жүрген кезекші жедел-тергеу тобына хабарлады. Полицейлер бірден оқиға орнына жетті. Қызметкерлері күту залында ес-түссіз жатқан әйелді тауып алды. Оның бойында эпилепсия ұстамасының белгілері байқалды, яғни, қалтырап, тілін тістегеннен аузынан қан аққан. Тәртіп сақшылары бір сәт кідірместен алғашқы медициналық көмек көрсетті: жәбірленушіні бір қырына жатқызып, ауыз қуысын ашып, тыныс жолдарының ашық болуын қамтамасыз етті, осылайша тұншығудың алдын алды",- делінген ақпаратта.
Осы уақытта вокзал қызметкерлері жедел жәрдем қызметін шақырды. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.
Құтқару жұмысына жедел-тергеу тобының қызметкерлері, атап айтқанда, жедел-криминалистикалық топтың аға криминалисі полиция майоры Евгений Юдаков, Қостанай станциясы Тобыл бекетіндегі қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрбол Абиров, тергеуші полиция капитаны Ерлан Мухитденов және патрульдік полиция қызметкері полицияның аға сержанты Аблай Қаппазов қатысты.

Сурет: Көліктегі полиция департаменті
Полиция аға сержанты Аблай Қаппазов үшін мұндай төтенше жағдайларда азаматтарға көмек көрсету үйреншікті іс. Мәселен, 2019 жылы ол қызмет барысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалған болатын.
"Біз академияда оқып жүргенде үйреткендей жағдайға сай әрекет еттік. Мұндай жағдайда абдырап қалмай, жедел шешім қабылдай білу өте маңызды. Сол арқылы біреудің өмірін сақтап қалға болады", — дейді полицейлер.
Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік апат болып, екі адамның көз жұмғандығы жайлы жазған болатынбыз.