Ұшақтарда бірқатар бұзушылықтар анықталды - 7 әуе кемесінің пайдалануы тоқтатылды

0
128

Әуе кемелерінің талапқа сай келмеуі - авиацияны пайдаланушыларға жоспардан тыс тексеру кезінде анықталды.


Ұшақтарда бірқатар бұзушылықтар анықталды - 7 әуе кемесінің пайдалануы тоқтатылды

фото: Sputnik / Стрингер

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының 31 әуе кемесіне тексеру жүргізіп, нормативтік құқықтық актілер талаптарының бірқатар бұзушылықтарын анықтады.
Нәтижесінде 7 әуе кемесінің пайдалануыуақытша тоқтатылды.
"Соңғы уақытта жеңіл ұшақтардың қатысуымен авиациялық оқиғалар жиі орын алды. Осыған орай, 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның алдын ала қорытындысы жарияланды", дейді көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі заңнамада белгіленген өкілеттіктер аясында жалпы мақсаттағы авиация операторларының қызметіне, оның ішінде жеке тұлғалардың заңсыз ұшулар туралы өтініштері бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізу арқылы жұмысты жалғастырады.
"Әлеуметтік желілерде жеке ұшақтарда "эксклюзив", "экскурсия" және басқа да рейстерге арналған жарнамалар жиілеп кетті. Олардың көпшілігінде арнайы рұқсаттар жоқ. Осыған орай Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңға сәйкес жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ақылы немесе жалдамалы әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды орындауға тыйым салынғанын ескертеді", - делінген хабарламада.
Талаптарды бұзған операторлар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады.