Ұшақта тәртіп бұзған шетелдік 12 тәулікке қамалды

0
130

​Сондай-ақ оның бұған дейін де бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.


Ұшақта тәртіп бұзған шетелдік 12 тәулікке қамалды

Мәскеу – Астана бағытындағы рейсте тәртіп бұзған 36 жастағы шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды, деп жазады ERNUR.KZ. Polisia.kz. сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жолаушы алкогольдік масаң күйде болып, экипаж талаптарына бағынбаған және басқа жолаушыларға балағат сөздер айтқан. Ұшақ Астана әуежайына қонғаннан кейін ол полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Ер адам ұсақ бұзақылық, қоғамдық орынға масаң күйде келу және әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен шетелдік 12 тәулікке қамалды. Сондай-ақ оның бұған дейін де бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.