Ұшақ арқылы жеткізілген науқас бала көз жұмды: әуе компаниясының ісі сотта қаралды

0
120

Әуе компаниясы тарапынан науқас баланы қауіпсіз тасымалдау қамтамасыз етілмеген.


Ұшақ арқылы жеткізілген науқас бала көз жұмды: әуе компаниясының ісі сотта қаралды

фото: Министерство транспорта Казахстана

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында азаматтың халықаралық әуежай мен әуетасымалдаушысынан моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды, деп жазады sputnik.kz.
Талап қоюшы өзінің арызында, әуежай қызметкерлері оның 2019 жылы туылған, коматоздық күйдегі және жатқызылған қалыптағы науқас баласына мүгедектер арбасын ұсынған, алайда, бұл медициналық талаптарға сәйкес келмейтіні туралы көрсеткен.
"Бұған дейін келісім бойынша ішінде реаниматолог-дәрігер мен арызданушының жұбайы болған жеке реанимобиль көлігі әуежай аумағына кіргізілмеген. Талап қоюшыға жедел жәрдем көлігін ұсынудан бас тартылған. Реанимобильдің орнына, бала ұшақтан терминалға дейін науқас жолаушыға арналмаған арнайы техника - амбулифтпен жеткізілген. Салдарынан науқас баланы қауіпсіз тасымалдау қамтамасыз етілмеген", - делінген хабарламада.
Әуетасымалдаушысы жолаушының жағдайын ескеріп, тасымалдау шартының барына қарамастан, реанимобильді аймаққа кіргізу қажеттілігі туралы халықаралық әуежайға тиісті түрде хабарламаған.
Бұл ауруды тасымалдау талаптарының бұзылуына және медициналық қызметтің тиісті деңгейде көрсетілмеуіне әкеліп соққан.
"Сот әуе компаниясы мен әуежай қызметтері, соның ішінде шекаралық және кедендік бақылау арасында тиісті үйлестірудің болмауы баланың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті. Нақты айтқанда, шекаралық бақылаудан өту кезінде кератитпен ауыратын баланың көзіне жапсырылған қорғаныш таңғыштар оны суретке түсіру үшін күштеп алынған. Нәтижесінде, келесі күні бала екіжақты пневмоторакспен ауруханаға жатқызылып, ақпан айында көз жұмған", - дейді Түрксіб аудандық соты.
Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды, "Э" әуе тасымалдаушысынан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 5 млн теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.