Үржардағы апат: Қыз бала әлі комада жатыр

0
116

Госпиталь директорының орынбасары Дулат Каримовтың айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр.


Үржардағы апат: Қыз бала әлі комада жатыр

ERNUR.KZ. Абай облысындағы жол апатынан кейін қыз бала әлі де аса ауыр жағдайда жатыр. Ал тағы зардап шеккен екі бала Астанада тұрақты жағдайда ем қабылдауда, деп жазады baq.kz.

23 тамыз күні санитарлық авиация 9 жастағы қызды аудандық ауруханадан Семей қаласындағы Медициналық университет госпиталінің балалар бөліміне жеткізген.

Госпиталь директорының орынбасары Дулат Каримовтың айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр.

Қыз баланың жағдайы өзгеріссіз. Ол медикаментозды ұйқыда жатыр, ес деңгейі – терең кома. Жоғары білікті медициналық көмек көрсетілуде, қарқынды терапия жүргізілуде. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, – деді ол.

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген тағы екі баланың жағдайына қатысты ақпарат берді.

26 тамыз таңғы мәлімет бойынша: балалардың жағдайы тұрақты. Олар травматология бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, операцияға дайындық жасалуда, – деп нақтылады ведомство.

Еске салсақ, 19 тамызда Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.

Президент тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.