Баланың тәрбиесіне көңіл бөлмеген ата-анаға 78 640 теңге айыппұл салынды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше 12 жастағы қыз кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, видеоға түсірген.
«Сот отырысында азамат С. кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісті», - деп жазылған хабарламада.
Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
С. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөілігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза кесілді. Қаулы заңды күшіне енді.