Видеодан көліктің қатты жылдамдықпен келгенін көруге болады.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласындағы 12-ші ықшамауданда бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар жұрттың зәресін ұшырды. Көлік жаяу жүргінші жолында арба (коляска) сүйреп келе жатқан ананы қағып кете жаздаған, деп жазады baq.kz.
Видеодан көліктің қатты жылдамдықпен келгенін көруге болады.
Анықталғандай, бала мен ананың өміріне қауіп төндірген көлік басқа бір көлікпен соқтығысқан. Бейнежазбада көліктің жол шетінде кетіп бара жатқан әйел мен баланың дәл қасына келіп, тоқтап үлгергені анық көрінеді.
Оқиға сәті әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, тұрғындар арасында қызу талқыға түсті.
Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.
24 маусымда Қарағанды қаласының 12-ші шағынауданында Range Rover мен Volkswagen Passat көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға салдарынан Passat автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.