Ұлытау облысында өртенген үйде қалып қойған балалар құтқарылды: видео

0
119

Сәтбаевта көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шыққан.


Ұлытау облысында өртенген үйде қалып қойған балалар құтқарылды: видео

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында полицейлер өртенген үйдің терезесінен балаларды алып шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Сәтбаевта көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Сол маңды патрульдеп жүрген инспекторлар пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Сол сәтте көмек сұрап жүгіріп шыққан тұрғын пәтердің ішінде үш бала қалып қойғанын айтқан. Тәртіп сақшылары еш кідірместен пәтерге кіріп, төсектің астынан бір баланы тауып, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

"Кейін олар екінші бөлмеге кіруге тырысқан, бірақ төбені шарпыған от ішке өтуге мүмкіндік бермеген. Артынша полицейлер сыртқа шығып, терезенің торын жұлып алып, қалған екі баланы терезе арқылы шығарып, аман алып қалды", - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндіру қызметі дереу шақырылып, тілсіз жау толықтай ауыздықталған. Зардап шеккендер жоқ.