Ұлытау облысында әйелді екі баласымен көлік қағып кеттІ: Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды

0
432

3 жастағы баласын жетектеп жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелдің жанында жаңа туған нәрестесі де болған.


Ұлытау облысында әйелді екі баласымен көлік қағып кеттІ: Бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды

ERNUR.KZ. Жезқазған-Сәтбаев тас жолындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі баласы бар әйелді көлік қағып кетті. Қайғылы жағдай “Восток” кооперативіндегі “Дача” аялдамасының жанында болған, деп жазады stan.kz.

3 жастағы баласын жетектеп жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелдің жанында жаңа туған нәрестесі де болған. Жол апатына 36 жастағы жүргізуші себеп болған. Ауыр жарақат салдарынан 3 жастағы бала оқиға орнында тіл тартпай кетті.

“Әйел мен сәби ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ведомстводағылар көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға шақырды.