Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстанның наразылығына жауап берді

0
94

Қазақстан бұған дейін Киевтің Каспий құбыр консорциумына жасаған шабуылына наразылық білдірген болатын.


Украина сыртқы істер министрлігі Қазақстанның наразылығына жауап берді
ERNUR.KZ. Украина сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумына (ҚҚК) жасалған шабуылдан кейін наразылық білдірген Қазақстан сыртқы істер министрлігіне жауап ретінде ресми мәлімдеме жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына қатысты Қазақстанның алаңдаушылығын ескерді, деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Біз Украина тарапының ешбір әрекеті Қазақстан Республикасына немесе басқа үшінші тараптарға қарсы бағытталмағанын атап өтеміз", - делінген мәлімдемеде.
Украина Қазақстан мұнайының 80%-ы тасымалданатын Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылды өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар Киев Ресей Қарулы күштері Украина нысандарына жаппай соққы жасаған кезде реакция білдірмегені үшін Қазақстанға ренішін жеткізді.
Украина сонымен қатар "Қазақстанмен достық және прагматикалық қарым-қатынасты дамытуға" үміт білдірді.
30 қарашада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Украинаның Каспий құбыр консорциумының маңызды инфрақұрылымына жасаған шабуылына наразылық білдірді.
"Бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.