"Үйінен шығып, қайта оралмаған": Ұлытауда 60 жастағы ер адам жоғалып кетті

0
107

Өзімен бірге ұялы телефоны да болмапты.


Фото: sputnik

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының Ұлытау ауданында бір күн бұрын жоғалып кеткен 60 жастағы ер адамды іздеу жұмысына дрондар мен спутниктік байланыс қолданылды, деп жазады inbusiness.kz.

ТЖМ мәліметінше, Шеңбер ауылдық округінде 1966 жылы туған ер адам 12 қыркүйек күні кешке Домбығұл қыстауындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефоны да болмапты.

Іздеу жұмысына ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ "Ауыл құтқарушылары" еріктілері жұмылдырылды.

"Аумақты барлау барысында құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын және спутниктік байланысты пайдаланды. Іздеу жұмысының нәтижесінде ер адам Домбығұл қыстауынан солтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды", – делінген ТЖМ хабарламасында.