ҰБТ-дан кейін әрбір қатысушы өз нәтижелеріне тақырыптық талдау ала алады

0
219

2021 жылдан бастап ҰБТ электрондық форматқа көшті. Оның бір артықшылығы – әрбір талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін өзінің нәтижелері бойынша тақырыптық талдауға қол жеткізе алады.


ҰБТ-дан кейін әрбір қатысушы өз нәтижелеріне тақырыптық талдау ала алады

ERNUR.KZ. Егер бұрын тек дұрыс және қате жауаптар көрсетілсе, бүгінде қатысушылар әр пән бойынша қай тақырыптарды жақсы меңгергенін және қай бағыттарда білімін толықтыру қажет екенін көре алады. Тақырыптық талдау тест аяқталған сәттен бастап жеке кабинетте қолжетімді болады. Егер талапкер нәтижелермен келіспесе, апелляцияға бере алады. Ол сұрақтардың мазмұнына және техникалық себептерге қатысты болады. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова ОКҚ алаңында хабарлады.

Сұрақтардың мазмұны бойынша апелляция тест біткеннен кейін 30 минуттың ішінде қабылданады. Ол жерде талапкер өзінің келіспеу себебін көрсетіп, ҰБТ тапсырған компьютерде апелляцияға өтініш қалдырады. Ал, техникалық себептер болса, яғни мәтін фрагменті, кесте, сурет көрінбей қалған жағдайда талапкер аудиториядан шықпай өтінішін қалдырады.

«Аппеляциялық комиссия мұндай жұмыстарды 30 күннің ішінде қарастырады. Нәтижелер талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Егер талапкер, «жоқ мен апелляциядан бас тартамын» деген шешім қабылдап жатса, оның да өтінішін кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Жалпы, республикалық апелляциялық комиссияның хаттамасы рәсімделгеннен кейін талапкердің ҰБТ сертификаты жеке кабинетінде қолжетімді болады. Биыл ҰБТ-ға қатысушылардан апелляцияға қатысты 95 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде 152 бірегей тест тапсырмасы бойынша оң шешім қабылданды. Қазір республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Барлық талапкер сертификатын жеке кабинетінен көре алады», – деді спикер.

ҰБТ тестілеудің сапалы әрі адал өтуіне қатысты біршама жұмыс жүргізілді. Талапкерлердің ҰБТ-ға дайындалуына да қолдау көрсетілуде. ҰТО-ның ресми сайтында талапкерлер үшін байқау тестілеуден өтуге мүмкіндік берілген. Қажетті оқу материалдары да жарияланды. Әр оқу жылының басында қолданылатын кітаптар тізімі, «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша 100 тарихи дата, «Информатика» пәні бойынша терминдер тізімі, «Қазақ әдебиеті» мен «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби туындылар тізімі осы сайтта орналастырылды.

Сонымен бірге оның статистикасы білім басқармаларына, білім бөлімдеріне және мектептерге ұсынылып, орта білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлердің ҰБТ-ға сапалы дайындалуына бағытталған сервистерді жетілдіруді жалғастыруда. Тестілеу аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы өз нәтижелері бойынша тақырыптық талдауға қол жеткізе алады. Бұл талапкерлерге әр пән бойынша қай тақырыптарды жақсы меңгергенін және қай бағыттарда дайындықты күшейту қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу жылының басында Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында тест тапсырмалары әзірленген оқулықтардың тізімі, тарихи даталар, терминдер мен әдеби шығармалардың тізімі жарияланады.

Сонымен қатар 2022 жылдан бері әрбір талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін өзінің нәтижелері бойынша тақырыптық талдауға қол жеткізе алады. Егер бұрын тек дұрыс және қате жауаптар көрсетілсе, бүгінде қатысушылар әр пән бойынша қай тақырыптарды жақсы меңгергенін және қай бағыттарда білімін толықтыру қажет екенін көре алады. Тақырыптық талдау тест аяқталған сәттен бастап жеке кабинетте қолжетімді болады. Сонымен бірге оның статистикасы білім басқармаларына, білім бөлімдеріне және мектептерге ұсынылып, орта білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.