Найзағайдан шыққан өрт: Ақмола облысындағы жағдай бақылауға алынды

0
130

​Степногорск қаласындағы дала өрті сөндірілді.


Найзағайдан шыққан өрт: Ақмола облысындағы жағдай бақылауға алынды

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. ТЖМ бөлімшелері Ақмола облысындағы Байқоныс, Бестөбе, Изобильное, Бөгенбай, Сілеті ауылдары мен Степногорск қаласының маңында құрғақ өсімдіктің жануын сөндірді, деп жазады baq.kz.

Өрт ошақтарын жедел жою үшін ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Баруы қиын учаскелерде ТЖМ авиациясы қолданылып, бұл өрттің таралуына жол бермеуге және ең күрделі ошақтарды жедел сөндіруге мүмкіндік берді. ТЖМ авиациясының әуе кемесі өрт ошақтарына 38 тонна су төкті, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған. Жағдай ҚР ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Оқиға орындарында жедел штабтар жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жекелеген өрт ошақтарын толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіруге ТЖМ мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың шамамен 300 қызметкері, 55 бірлік техникасы, сондай-ақ ҚР ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ мен «Қазавиаорман» РМК-ның екі әуе кемесі жұмылдырылды.