«Түні бойы телефон көріп, таңертең тұрмайды»: Сарысуда баласын сабаған әке сотталды

0
101

​Әкесі енді 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.


«Түні бойы телефон көріп, таңертең тұрмайды»: Сарысуда баласын сабаған әке сотталды

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Сарысу ауданының соты баласын ұрып-соққан әкеге қатысты істі қарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сот материалдарына сүйенсек, оқиға биыл жазда болған екен. Айта кетейік, бұл отбасы Сарысу ауданының Жаңатас ауылында тұрады.

«Сотталып отырған ер адам 2025 жылы шілдеде, түскі сағат 12.00-де баласының бетінен ұрып жіберген. «Балам түнімен телефон көріп, таңертең уақытында оянбайды» деп ашуланған әке осылайша баласын тәрбиелегісі келген», - деп хабарлайды сот.

Сотта мемлекеттік айыптаушы әкесін 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегу жазасын ұсынған. Ер адамның әйелі, яғни, бавланың анасы күйеуін кешірген. Дегенмен, сот әрекеттің заңсыздығы мен қылмысты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамға қатысты үкім шығарған.

«Сот азаматты Қылмыстық кодекстің 1-бабы, 2-бөлігіне сай кінәлі деп танып, оны 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегу туралы жаза кесті», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.