Фото: Ақорда
ERNUR.KZ. Ақорда АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтау хатын жариялады, деп жазады Stan.kz.
Трамп Қазақтстанмен арадағы серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді.
“Құрметті Президент мырза! Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз! Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді. Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін”, – деп жазды АҚШ президенті.
Ол Қазақстан халқының бағына орай, Тоқаевтай тегеурінді әрі батыл көшбасшысы барын атап өтіп, қуанышты сәтті қазақстандықтармен бөлісу өзі үшін зор мәртебе екенін жазды.


