Тоқаев Үндістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
105

Президент жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ, үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті.


Тоқаев Үндістан премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

x.com/narendramodi

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Президент жеделхатында Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін, сондай-ақ, үлкен экономикалық жетістікке жетіп, зор ғылыми-техникалық әлеуетке ие болып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, түрлі салада өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Үндістанның Тәуелсіздік күні жыл сайын 15 тамызда атап өтіледі. 1947 жылдың дәл осы күні ел ұлыбританиялық отаршылдық биліктен азат болып, алғашқы премьер-министр Джавахарлал Неру Делидегі Қызыл форттың үстінен Үндістан туын көтерген болатын.