Тоқаев қорғаныс министрін қызметінен босатты

0
88


Тоқаев қорғаныс министрін қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды, деп жазады Stan.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі қызметіне былтыр 8 маусымда тағайындалған еді.

Ол 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін (1990 ж.), Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын (2005 ж.) және Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын (2013 ж.) бітірген.

Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш;

Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі;

Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы;

2022 жылғы желтоқсан-2024 жылғы қыркүйек – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы;

2024 жылғы қыркүйек-2025 жылғы маусым – Қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.

Әскери атағы: авиация генерал-лейтенанты (2024 жыл).

Тілді меңгеруі: қазақ, орыс.

Марапаттары: I және II дәрежелі "Даңқ", II дәрежелі "Айбын" ордендері, "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі, мерейтойлық медальдар.