TikTok желісінде баланың әрекетін бақылайтын функция пайда болды

0
90

​Ата-аналар баласының жеке аккаунтын басқара алады.


TikTok желісінде баланың әрекетін бақылайтын функция пайда болды

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. TikTok платформасы пайдаланушылардың цифрлық әл-ауқатын жақсарту мақсатында жаңа функцияларды іске қосты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өзгерістер жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыруға, контент авторларын қолдауға және сенімді цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған.

TikTok-тың негізгі жаңалығы – ата-аналарға балаларын бақылауға көмектесетін «Отбасы баптаулары» функциясының кеңеюі болып отыр. Енді ата-аналар балаларының TikTok-қа қандай видеолар мен фотоларды жариялап жатқанынан автоматты түрде хабардар болып отырады.

Сонымен қатар, 16-17 жастағы жасөспірімдердің құпиялылық баптауларын ата-аналар көре алады. Мұнда басқа қолданушыларға видеоларын жүктеуге рұқсат берген-бермегенін немесе қызығушылық танытқан тақырыптарын бақылау мүмкіндігі қарастырылған.

Сондай-ақ, платформа контент авторларын қолдауға арналған бірқатар жаңа құралдарды ұсынды. Олардың қатарында жағымсыз пікірлерді сүзу, видеоларды жарияламас бұрын тексеру және авторлар үшін хабарламаларды басқаруды жеңілдететін интерфейс бар.

TikTok өкілдері аталған бастаманы жасөспірімдер, ата-аналар мен сарапшылардың ұсыныстары негізінде әзірлегенін мәлімдеді.