Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген.
Фото: depositphotos
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, мәйіттердің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар нысан аумағына заңсыз кірген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді полиция департаментінің өкілдері.
Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Степногор қаласында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы ("Күзетілетін нысандарға заңсыз кіру") бойынша 322 адам жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ осы кезеңде жергілікті шахталарда тоғыз адам қаза тапқан.


