Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Қазақстан Конституциясы жобасының тіл туралы бабына өзгеріс енеді. Енді орыс тілінің мәртебесі қазақ тілімен "тең" деген сөз "қатар" сөзімен алмастырылады, деп жазады stan.kz.
Конституция жобасының мемлекеттік тілге қатысты 9-бабының бірінші тармағы өзгеріссіз қалатын болды. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов конституциялық комиссия отырысында айтты. Яғни жаңа нұсқада екінші тармақ былай болады.
“Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады. Қазіргі нұсқада "орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" деп жазылған. Елде Конституцияны реформалау бастамасы көтерілгеннен бері тіл жанашырлары, белсенділер мен жекелеген саясаткерлер орыс тіліне қатысты тармақты алып тастауды не басқаша жазуды ұсынған. Олардың айтуынша, осы тармақтың салдарынан мемлекеттік тіл өз дәрежесіне көтерілмей тұр. Биліктің уәжі бойынша, Қазақстанда жазғыз мемлекеттік тіл бар, ол – қазақ тілі. Мемлекетті сақтау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау керек”, – деді Ерлан Қарин.


