«Ірі қара малды тартып алып, қырып жатыр»: АШМ желідегі видеоға қатысты мәлімдеме жасады

0
143

​Елімізде ешқандай шектеу енгізілген жоқ, деп сендірді АШМ.


«Ірі қара малды тартып алып, қырып жатыр»: АШМ желідегі видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік желіде ірі қара малды тәркілеп, жойып жатқаны туралы тараған бейнематериалдардың Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу және жою жөнінде нұсқамалар қабылданған жоқ. Тек ресми мәліметтерге сенуге және халық арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», - делінген ресми хабарламада.

АШМ малды тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жоюға қатысты кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтай отырып, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімімен және әкімдіктер міндетті түрде шектеу шараларын енгізген жағдайда жүргізілетінін атап өтті. Мұндай жұмыстарды республикалық эпизоотияға қарсы отряд қана орындайды.