Жыл басынан бері порталға 17 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 15 мыңнан астамы орындалды.
ERNUR.KZ. Елімізде қоқыс үйінділеріне қоғамдық бақылауды күшейту үшін Telegram цифрлық құралы – @TazaQazBot чат-боты белсенді түрде қолданылуда. Ол тұрғындарға үйінділердің пайда болу фактілері туралы тікелей хабарлауға, фотосуреттерді қосуға және өтініштерді орындау нәтижелері бойынша кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері порталға 17 мыңға жуық өтініш түсіп, оның 15 мыңнан астамы орындалды. Олардың басым бөлігі аумақтарды тазалау, көшелерді абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелеріне қатысты. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
Өтініштер сапасыз орындалған немесе ресми жауаптар берілген, белгіленген мерзімге сай келмеген немесе орындаушылар тарапынан нақты іс-әрекеттер болмаған жағдайда пайдаланушыларға шағым беру мүмкіндігі бар.
«Мәселен, биыл 530 арыз-шағым түсіп, оның 476-сы орындалды. Шағымдар негізінен аумақтардың нашар тазалығы, жол жағдайы, абаттандыру, көшелерді абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелеріне қатысты болды. Telegram – чат-бот полигондарды анықтау және жою, жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешуге жұртшылықты тартудың маңызды құралдарының бірі болып айқындалды», – деді спикер.
Цифрлық құралдармен қатар, экологиялық науқандар да полигондармен күреске белсенді қатысуда. «Таза Қазақстан» аясында аумақтарды тазарту бойынша жаппай іс-шаралар мыңдаған еріктілерді, мемлекеттік қызметкерлерді, қоғамдық ұйымдарды, кәсіпорындар мен тұрғындарды біріктіреді.
Айта кетерлігі, биыл «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 934 экологиялық іс-шара өткізілді, оның нәтижесінде 506 мың тонна қалдықтарды жиналды; 859 мыңнан астам га алқап тазартылды; 2,4 млн жасыл желек отырғызылды. Акцияларға 4,2 млн-нан астам адам, оның ішінде 357 мың ерікті қатысты. Бұл әрекеттер қоқыстарды жоюмен қатар, тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау мәдениетін қалыптастырады.