Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің шынайы үлгісін әлемге паш етіп отырған бірегей мемлекет.
ERNUR.KZ. Қоғамның тыныштығы мен елдің тұрақтылығы – татулық пен достыққа негізделеді. Татулық – береке бастауы, ал достық – халықты ұйыстыратын, мемлекет іргесін нығайтатын қасиетті құндылық. Ұлт пен ұлыс бір мүддеге тоғысқанда, жүректер бір арнада соққанда – ондай елдің болашағы кемел, іргесі берік болары сөзсіз.
Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің шынайы үлгісін әлемге паш етіп отырған бірегей мемлекет. Мұнда жүзден аса ұлт пен этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, түрлі мәдениет пен салт-дәстүр тоғысып, өзара сыйластық пен сенімнің берік іргетасы қаланды. Бұл – халқымыздың парасатының, мемлекетіміздің сарабдал саясатының жемісі.
Еліміздің басты мұраты – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, бейбіт өмірді, ортақ келісімді нығайту. Өйткені достық пен татулық үстемдік еткен ортада ғана даму болады, ал даму бар жерде – болашақ бар.
Бүгінгі Қазақстан – бірлік пен ынтымақты ту еткен, болашаққа нық қадам басқан ел.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұғырлы болсын!
Достық пен татулықты ардақтаған елдің бағы әрқашан ашық!