Тарихи триумф: Қазақстан физика олимпиадасында бес алтын еншіледі

0
102


Тарихи триумф: Қазақстан физика олимпиадасында бес алтын еншіледі

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлықтарын сынға салды. Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

  • Егенбергенова Нұргүл – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Азатбеков Әмірбек – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
  • Қазымбек Ілияс – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Черемнов Роман – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Құрман Дамир – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

ОЛИМПИАДА ТУРАЛЫ

Айта кетейік, Халықаралық физика олимпиадасы 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл білім додасына 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама екі күміс және үш қола медаль жеңіп алған болса, биыл еліміздің бес оқушысы да алтын медаль иеленіп, Қазақстан тарихындағы бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.