​Тамара Дүйсенова лауазымынан босатылды

0
170

Ол 2025 жылғы 14 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.


​Тамара Дүйсенова лауазымынан босатылды

фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тамара Дүйсенова лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы дүниеге келген.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

  • Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.
  • 1988-1992 жылдары – Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисі;
  • 1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі.
  • 1993-1994 жылдары – «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы;
  • 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі;
  • 1994-1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 1997-1999 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
  • 1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
  • 2006-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2008-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі;
  • 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;
  • 2017-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 2018-2019 жылдары – «Нұр Отан» партиясының хатшысы;
  • 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті;
  • 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі;
  • 2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі;
  • 2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 2023 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 2023-2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
  • 2025 жылғы 14 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.