Талғардағы каналдардың бірінен әйел өлі табылды

0
936

Талғарда шамамен 20-35 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсап, каналға секірген.


Талғардағы каналдардың бірінен әйел өлі табылды

ERNUR.KZ. Талғардағы каналдардың бірінен әйел өлі табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Талғарда шамамен 20-35 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсап, каналға секірген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жасағының құтқару тобының баспасөз қызметі мәліметінше, құтқарушылар өлімнің мән-жайын білмейді. Тергеумен полиция айналысады.

"ТЖМ кезекші диспетчерлік қызметіне каналға секірген әйел туралы хабарлама түсті. Жедел топ оқиға орнына барып, өзен бойынан әйелді іздеді", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

10 сағаттан кейін олар әйел секірген болуы мүмкін жерден 8 шақырым қашықта жансыз денені тапты. Мәйіт қосымша тергеу үшін полиция қызметкерлеріне берілді.