Талдықорғанда көпірден секірмек болған жасөспірім құтқарылды

0
30

Жасөспірім дереу кезекші психологтарға жеткізілді.


Талдықорғанда көпірден секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Талдықорғанда полицейлер жасөспірімді қайғылы қадамнан құтқарып қалды. Жеткіншек түн ортасында көпірден өзенге секірмек болған, деп жазады zakon.kz.

Полицейлердің ақпарына сүйенсек, "102" арнасына алаңдатарлық қоңырау түскен. Онда жасөсіпірмнің күдікті әрекеті туралы баяндалған. Осылайша, патрульдік экипаждар бірден оқиға орнына аттанды.

"Көпірге бірінші болып жеткендер: Танабаев Серік Мергенбайұлы, Ұзақбай Айбек Қанатұлы, Әлімхан Баян Мұратханұлы және аға инспектор, полиция капитаны Елюбаев Эльдар Серікұлы. Бұл полицейлер үйлесімді, әрі өте сақ әрекет етті: бозбаламен байланыс орнатып, сабырмен сөйлесіп, сенім қалыптастыруға тырысты",- делінген ақпаратта.

Бұл ретте, психологиялық қолдау көрсету барысында полиция капитаны Эльдар Елюбаев пен Серік Танабаевтың рөлі ерекше болды. Олардың сабырлы дауысы, кәсіби тәсілі жасөспірімнің эмоциялық күйін тұрақтандыруға ықпал етті.


Кейін жасөспірім дереу кезекші психологтарға жеткізілді.

"Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жанында — психологтар, ал алдында — тыныш әрі жаңа өмір парағын бастауға мүмкіндік".Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі