Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін қысқартты

0
265

Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар Таиландқа кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады.


Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін қысқартты

Фото: Magnific.com

ERNUR.KZ. 15 қыркүйектен бастап Қазақстан азаматтарының Таиландта визасыз жүру мерзімі қысқарады. Бұған дейін елде 60 күнге дейін визасыз жүруге мүмкіндік болса, енді бұл мерзім 30 күнмен шектеледі, деп жазады stan.kz.

Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің мәліметінше, жаңа тәртіп екі ел үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім аясында қолданылады.

Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар Таиландқа кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Сонымен қатар елде болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспауға тиіс.

“Қазақстан азаматтарына Таиландқа сапар жоспарлаған кезде көші-қон тәртібіндегі бұл өзгерістерді алдын ала ескерген жөн”, – делінген елшілік хабарламасында.

Ал Таиландта 30 күннен артық болуды жоспарлаған азаматтар тиісті визаны алдын ала рәсімдеуі қажет.

Осылайша, 15 қыркүйектен бастап Таиландқа демалысқа немесе ұзақ мерзімге баруды жоспарлаған қазақстандықтарға сапар мерзімін бұрынғыдан мұқият есептеуге тура келеді.

Еске салайық, бұған дейін Шри-Ланка Қазақстан азаматтары үшін виза алымын алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған еді. Жаңа ереже күшіне енсе, туристерге 30 күндік тегін виза берілуі мүмкін. Бірақ жүйенің қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз.