Сырымбек Тау: Елдің болашағына күмәнмен емес, сеніммен қарау керек

0
95

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау елдің болашағына күмәнмен емес, сеніммен қарау керек деп есептейді.


Сырымбек Тау: Елдің болашағына күмәнмен емес, сеніммен қарау керек

ERNUR.KZ. Оның айтуынша, келешекте Қазақстанның қандай ел болатыны әр азаматтың бүгінгі ісіне байланысты.

«Бүгін Президентіміздің ұстаздарды қабылдаған кезде айтқан сөзін оқыдым. Мемлекет басшысы болашақты бұлыңғыр етіп елестетпеуге үндеді. Меніңше, біз де Қазақстанның келешегін бұлыңғыр ойламауымыз керек. Егер өркениетті, бүгінгіден де жақсы Қазақстанды көргіміз келсе, әрқайсымыз елге пайдамызды тигізуіміз қажет. 2030, 2035, 2040 немесе 2070-2080 жылдары біздің ұрпағымыз жақсы Қазақстанда өмір сүрсін десек, оған бүгіннен бастап әрбіріміз үлес қосуымыз керек», – деді Сырымбек Тау.