Сырттай 9 жылға сотталған Талғат Ардан Түркияда қолға түсті

0
142

​Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.


Сырттай 9 жылға сотталған Талғат Ардан Түркияда қолға түсті

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. 2019 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны Анталья қаласында ұстады. Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазір қамауда», - деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған еді.