Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген 16 жастағы оқушының анасына айыппұл салынды

0
68

2024 жылы Қызылордада сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушылар күдікке ілінген болатын.


Сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген 16 жастағы оқушының анасына айыппұл салынды
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform
ERNUR.KZ. Қызылордада сыныптастарының 16 жастағы қызды сексуалды құлдықта ұстауына байланысты оқиғадағы жәбірленушінің анасы әкімшілік жазаға тартылды, деп жазады inform.kz.

Істі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

— Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін кәмелетке толмаған жәбірленушінің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралып, оған айыппұл салу жазасы тағайындалды, — делінген хабарламада.
Соттың мәліметінше, жәбірленушінің анасы тағайындалған айыппұл сомасын 30%-ға қысқартылған түрде, яғни 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде төлеуі тиіс. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2024 жылы Қызылордада сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқушылар күдікке ілінген болатын.
Артынша келеңсіздікке жол бергендер қызметінен кетті.
Кейін ҚР ІІМ жәбірленуші тұратын аумақты тәулік бойы күзетті.
Тергеу жүріп жатқанда Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды.
Кейінірек оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 13 адам анықталды.
3 сәуір күні Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары сексуалды құлдықта ұстаған оқиғаға қатысты 9 адамға сот үкімі шықты.
Ал биыл маусым айында Қызылорда облыстық соты кәмелет жасына толмаған жәбірленушіні азаптау, жезөкшелікпен айналысуға тарту фактілері бойынша аппеляциялық сатыдағы істі қарады.