Су заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалау күшейтілді

0
119

Биылғы вегетация маусымында Түркістан облысында 441,3 мың га суармалы жерден 3,35 млрд текше метр су алынды. «Қазсушар» РМК филиалы 9 484 шарт жасасты, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.


Су заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалау күшейтілді

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Түркістан облысында негізгі дақылдарды суару жұмыстары аяқталып, суға қажеттілік төмендеді және өнім шығыны тіркелген жоқ. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Сонымен қатар ол диқандарды сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар туралы мәлімет берді.

«Каналдар бойынша кезекпен су беру кестесі бекітілді. Қызылорда және Түркістан облыстарында 169 тік дренаж жүйесі қосылды, бұл жерасты сулары деңгейін тұрақтандырып, мелиорациялық шаралардың тиімділігін арттырды. Арнайы топтар су шаруашылығы жағдайын, каналдар мен су қоймаларының күйін, судың бөлінуін және суару кестесінің орындалуын тұрақты бақылауда ұстады. Ресурстарды үнемдеу үшін коллекторлық-дренаждық суды қайта пайдалану жүзеге асырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде екі өңірде вегетация кезеңі өнім шығынынсыз аяқталып жатыр», – деді Н.Алдамжаров.

Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан кешенді шаралар заңсыз су пайдалануды болдырмау және су ұрлығын алдын алу жұмыстарын қамтиды. Су заңнамасының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалау күшейтілді. Нәтижесінде бүгінгі таңда су пайдаланушыларға 22,3 млрд текше метр көлемінде арнайы су пайдалануға 912 рұқсат рәсімделді. Бұл жұмыс – суды объективті тұтыну көрінісін жасауға мүмкіндік беретін басым бағыттардың бірі.

Бүгінге дейін инспекциялар 258 профилактикалық және жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 369 су заңнамасын бұзу фактісін анықтады. Тексерулер қорытындысы бойынша 125 ұйғарым беріліп, 91,5 млн теңге сомасында 657 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде заңсыз су пайдалануға қатысты 48,1 млн теңге көлемінде 254 айыппұл салынды. Климаттық қиындықтарға қарамастан – жауын-шашынның жетіспеушілігі мен аномалды ыстыққа, сондай-ақ трансшекаралық өзендерден келетін судың шектеулі ағынына және ішкі өзендердің ағындарының қысқаруына қарамастан, вегетациялық кезең шығынсыз табысты аяқталуда. Бұл нәтиже су ресурстарын оңтайландыру бойынша жүзеге асырылған шаралардың арқасында қол жеткізілді.