​Соңғы қоңыраудың ауысуына байланысты ҰБТ өтетін күндер өзгертілді

0
203

Бұған дейін 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталғаны мәлім болды.


​Соңғы қоңыраудың ауысуына байланысты ҰБТ өтетін күндер өзгертілді

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндеріне өзгеріс енгізілді, деп жазады inform.kz.

"Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады. Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар, сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!" — делінген орталықтың хабарламасында.

Бұған дейін 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініштер қабылдау аяқталғаны мәлім болды.

Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілістегі баспасөз мәслихатында ҰБТ тапсыратын орындардың тапшылығы туралы мәліметтерді теріске шығарды.