​Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылды

0
158

Жолды 2025 жылғы 11 қараша сағат 11:00-де ашу жоспарланған.


​Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылды

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ERNUR.KZ. ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады kaz.inform.kz.

“ Қатты жауын-шашын мен ауыр жүк көліктерінің қозғалысы салдарынан KZ15-08 «Тимирязево – Сарыколь – облыс шекарасы» автожолының 0-30 км аралығында жол ойылып кетті. Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 қараша сағат 11:00-ден бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі үшін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады “, - делінген хабарламада.
Костанай қаласынан Тимирязев ауданына қозғалыс келесі республикалық маңызы бар балама (альтернативті) автожолдар арқылы жүзеге асырылады:

KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыколь – Костанай (айналма жол) – РФ шекарасы (п/п Қайрақ)» — км 553–768;

KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавловск» — км 673–786; KZ15-05 «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» — км 56–119.

Жолды 2025 жылғы 11 қараша сағат 11:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.