СҚО-да шығарылатын жалпы өнім көлемі 878 млрд теңгеден асты

0
65

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсуі 13%-ды құрады.


СҚО-да шығарылатын жалпы өнім көлемі 878 млрд теңгеден асты

ERNUR.KZ. Негізгі салалар оң өсімді көрсетті. 10 ай ішінде ауыл шаруашылығында 9,3%, өнеркәсіпте 19,1%, құрылыста 30,1%, тұрғын үйді пайдалануға беруде 3,9%, инвестицияларда 7,3% өсу қамтамасыз етілді. Өңір үшін ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі саласы болып табылады: агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, жалпы өнім көлемі 878,3 млрд теңгеге жетті, бұл өңірге ел көшбасшыларының үштігіне кіруге және азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

«Бізде қазақстандық астықтың төрттен бір бөлігі, майлы дақылдар және сүттің оннан бір бөлігі өндіріледі. Өсімдік шаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізілді: 4,3 млн гектар алқап жиналып, майлы дақылдар алқабы 1 млн гектарға дейін өсті. Бұл елдегі ең жақсы көрсеткіш. Облыс бойынша орташа астық түсімі гектарынан 21, центнерден, өнімділік рекордтық 6,5 млн тоннаны құрады. Кейбір шаруашылықтар гектарынан 40-50 центнерден жоғары өнім алды. Майлы дақылдар бойынша тарихи максимум – 1,2 млн тоннаға қол жеткізілді, өнімділігі гектарынан 12 центнерді құрады», – деді спикер.

Нәтижелер диқандардың жүйелі жұмысымен, заманауи агротехнологияларды енгізумен, цифрландыру және элиталық сорттарды пайдаланумен қамтамасыз етілген. Егіс үшін биыл 340 мың тонна тыңайтқыш және 66 млрд теңгеге 2,3 мың техника сатып алынды.

Мемлекеттік шаралар айтарлықтай қолдауды қамтамасыз етті: жеңілдетілген қаржыландыру көлемі рекордтық 161 млрд теңгеге жетті. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында биыл суармалы жер көлемі 2,1 мың гектарға ұлғайып, 11,5 мың гектарға жетті. Суды үнемдеу технологиясы тек дәнді-дақылдарды өсіруде ғана емес, сонымен қатар картоп, қант қызылшасы, жүгері және басқа да дақылдарда қолданылады.