Миссия мүшелері Астана қаласы мен Ақмола облысында бақылау жүргізіп, 102 сайлау учаскесінде болды.
ERNUR.KZ. ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында халықаралық байқаушыларды шақыру Қазақстанның елдегі Құрылтай депутаттарының сайлауын барынша ашық әрі жария өткізуге ұмтылысын көрсететінін атап өтті.
Оның айтуынша, миссия құрамында ШЫҰ-ға мүше алты мемлекеттен 17 байқаушы аккредиттелген. Миссияның қызметі объективтілік, саяси бейтараптық, ашықтық және жариялылық қағидаттарына негізделген өзіндік әдістемеге сәйкес жүргізілді.
Миссия мүшелері Астана қаласы мен Ақмола облысында бақылау жүргізіп, 102 сайлау учаскесінде болды.
«Миссия сайлаушылардың жоғары азаматтық белсенділігін, сондай-ақ учаскелік комиссиялар қызметкерлерінің кәсібилігін және Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу деңгейін атап өтеді. Учаскелік комиссия мүшелері сайлауды өткізу үшін барлық қажетті жағдайды жасады. Миссия дауыс беру күні әйелдер мен жастардың белсенділігінің жоғары болғанын атап өтті. Сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіп пен барлық мемлекеттік рәсімдерді толық сақтай отырып, тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтті. Миссия Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасы талаптарына және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес болғанын атап көрсетеді. Миссия сайлаудың заңдылығына күмән келтіруге немесе оның нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін ұлттық заңнама нормаларының бұзылғанын тіркеген жоқ. Миссия Құрылтай депутаттарының сайлауы ашық, сенімді әрі демократиялық принциптерге сай өткенін мәлімдейді. Миссия сайлау Қазақстан Республикасындағы демократиялық процестерді одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болғанын атап өтеді», – деді Т.Р. Мидхун.


