Жамбыл облысында рецептсіз дәрі сатқан дәріханаларға айыппұл салынды

0
164

Құқық қорғау органдары берген мәліметтер негізінде облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті 16 әкімшілік іс қозғады.


Жамбыл облысында рецептсіз дәрі сатқан дәріханаларға айыппұл салынды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында рецептпен босатылатын дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан дәріханалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Құқық қорғау органдары берген мәліметтер негізінде облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті 16 әкімшілік іс қозғады.

Бақылаушы органның мәліметінше, заңнамаға сәйкес рецептімен берілетін дәрілерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша сатуға рұқсат етілген. Алайда өңірде бұл талапты бұзу фактілері тіркелген. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында департаментке құқық қорғау органдарынан 16 материал түсіп, заң бұзушыларға жалпы сомасы 2 млн 681 мың 500 теңге айыппұл салынды.

Құқық қорғау органдары мен тиісті департамент медициналық ұйымдар мен дәрі-дәрмек айналымына бірлескен бақылауды жалғастырып жатыр.