ШҚО-да Toyota Alphard қарсы бағытқа шығып кетіп, патруль көлігімен соқтығыса жаздады (ВИДЕО)

0
64

Оқиға Өскемен – Риддер тасжолында болды.


ШҚО-да Toyota Alphard қарсы бағытқа шығып кетіп, патруль көлігімен соқтығыса жаздады (ВИДЕО)

Фото: ШҚО ПД/Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында минивен жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, патруль көлігімен соқтығыса жаздады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті ресми түсініктеме жариялады.

Ведомство дерегінше, Өскемен – Риддер тасжолында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі басып озу мақсатында қарсы бағытта келе жатқан көлік құралдарымен арақашықтықтың қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

«Жүргізушінің бұл әрекеті өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, апаттық жағдайға себеп бола жаздады. Тексеру барысында аталған құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталанып жасалғаны анықталды.
Жүргізуші заң аясында жауапкершілікке тартылды. Полиция барлық жүргізушіні сақ болуға, басып озу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады», – делінген департамент хабарламасында.