Желіде тараған ақпаратты Көліктегі полиция департаменті растады.
Фото: ІІМ
ERNUR.KZ. Алматы әуежайында жұмысшы қаза болды, деп жазады inform.kz.
- Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады департаменттен.
Аталған жағдайға байланысты Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне де сауал жолдадық. Жауап алынған соң, ақпарат толықтырылады.


