«Қазгидромет» болжамы белгілі болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, елдің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, екпінді желдің күшеюі күтіледі. Ал шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
«Күтілетін жауын-шашынға қарамастан, ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы республиканың басым бөлігінде +33…+40°С, ал оңтүстігі мен оңтүстік-батысында +38…+45°С-қа дейін көтеріліп, қатты және өте қатты ыстық күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.


