Шерзаттың әкесі “Делайте“ деген тапсырманы кім бергенін айтты

0
133

Беттестіру кезінде Қаржаубай Нұрымов "Делайте" деген сөзді Санат Абдықадыр айтқанын баяндады.


Шерзаттың әкесі “Делайте“ деген тапсырманы кім бергенін айтты

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Шерзат Болаттың (Полаттың) өліміне қатысты сот процесі барысында марқұм жасөспірімнің әкесі Қаржаубай Нұрымов пен куәгер Санат Абдықадырды беттестіру кезіндегі видео көрсетілді, деп жазады tengrinews.kz.

Беттестіру кезінде Қаржаубай Нұрымов "Делайте" деген сөзді Санат Абдықадыр айтқанын баяндады.

"Ол (Санат Абдықадыр – еск.) Нұрқанатпен (Ғайыпбаев – Шерзаттың ағасы – еск.) амандасып, сөйлесті. Осының аузынан шықты: "Мен шалмын ғой, мен төбелеспеймін, мен үшін жігіттер төбелеседі" деген. Соны сездім де дүкенге кіріп телефонды алып қоңырау шалып жатқанмын. Дүкенге кіріп бара жатқанда "Делайте", деді... Содан кейін төбелес басталып кетті", – деді Шерзаттың әкесі видеода.

Айта кетейік, бұған дейін Санат Абдықадыр сотта Нұрқанат Ғайыпбаевпен сол оқиға болған күні танысқанын айтқан. Оның айтуынша, олар дүкеннің жанында кездейсоқ кездескен. Шерзаттың ағасы оларға кикілжің іздеп келген жоқсыңдар ма деп сұрағанда, Абдықадыр тек дүкенге келгенін айтып, өзі "шал екенін" айтқан.

Айыпталушылардың бірінің адвокаты осы жағдай бойынша соттан Қаржаубай Нұрымовты қайта жауап алуға шақыруды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды. Қаржаубай Нұрымов айыпталушылардың барлығы жауап беріп, қылмыстық іс материалдары зерттелгеннен кейін сотқа жауап алуға шықарылады.