Шерзат ісі: Куәгер екі қыз сотқа қайта шақырыла ма

0
127

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов ауыспайтын болды.


Шерзат ісі: Куәгер екі қыз сотқа қайта шақырыла ма

ERNUR.KZ. Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша сотта жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді шақыру туралы өтініш жасады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің әрекеттері күмән туғызады.

Себебі кеше көрсетілген бейнежазбада олардың ешбір шок жағдайында болмағанын және мән-жайын толық біліп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін байқадық, – деді қорғаушы.

Алайда судья Ержан Жанұзақов бұл өтінішхатты қанағаттандырмады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов ауыспайтын болды. Өйткені сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Қ. Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдіріп, шағым түсірген еді.