Щучинсктегі жарылыс: қылмыстық іс қозғалды (видео)

0
107

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 28 адам зардап шеккен, оның ішінде 13-і ауруханаға жатқызылды, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.


Щучинсктегі жарылыс: қылмыстық іс қозғалды (видео)

ERNUR.KZ. Щучинскте "Центр плова" кафесінде болған жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады tengrinews.kz.

"Өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 28 адам зардап шеккен, оның ішінде 13-і ауруханаға жатқызылды, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген. Жеті адам қаза тапты.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы медицина қызметтерінің бақылауында.