Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнамалық құрылымның құлауы салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тапқан болатын.
ERNUR.KZ. Шарм-эль-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан азаматшасының қаза болуына байланысты SCAT әуекомпаниясы пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Әуекомпаниясының мәліметінше, барлығы төрт адам зардап шеккен.
"Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды, тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта олар қонақүйде. SCAT әуекомпаниясы зардап шеккендерге қайғырып көңіл айтады және Шарм-эль-Шейх әуежайымен және туроператорлармен тұрақты байланыста", – делінген компания таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шарм-эль-Шейх әуежайында жарнамалық құрылымның құлауы салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тапқан болатын. Тағы екі әйел жарақат алды.