Әуелде алты адам медициналық көмекке жүгінгені жайлы ақпарат таратылған.
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Семей қаласындағы ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін медициналық көмекке жүгінгендер саны 11 адамға дейін артты. Олардың ішіндегі төртеуі — бала, деп жазады inform.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің біршамасы ауруханаға жатқызылған.
Бір бала «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің балалар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тағы үш бала дәрігерлік тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.
Ересектер арасында медициналық көмекке жеті адам жүгінді. Олардың төртеуі университеттік нефрология орталығына жатқызылды. Екі адам тексерістен кейін оқиға орнында қалған, ал бір адам медициналық тексеруден бас тартқан.
Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылғаны хабарланған.
Әуелде алты адам медициналық көмекке жүгінгені жайлы ақпарат таратылған.


