Семейде өзін мүгедек етіп көрсеткен ер адам қамауға алынды

0
85

Ер адам инсульт алған адамның кейпіне енген.


Семейде өзін мүгедек етіп көрсеткен ер адам қамауға алынды

фото: Steve Buissinne

ERNUR.KZ. Семейде өзін мүгедек етіп көрсетіп, қайыр сұраумен айналысқан 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Ол Засядко көшесіндегі сауда үйлерінің бірінің маңында отырған. Ер адам инсульт алған адамның кейпіне еніп, азаматтардың аяушылық сезімін тудырып, алдап келген. Айталық, қоғам белсенділерінің бірі бұл адам шынымен көмекке мұқтаж деп ойлап, материалдық көмек көрсеткен.
"Алайда кейіннен бұл адамның мүгедек еместігін тұрғындардан естіген, оның денсаулығында ешқандай ақау жоқ екендігі туралы ақпарат алған", - дейді полицейлер.
Ол қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ер адам Семей қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында жазасын өтеп шықты.