Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған ер адам айғақ берді

0
146

Қала тұрғынына жасалған шабуыл дерегі бойынша полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.


Сәтбаевта қызға шабуыл жасаған ер адам айғақ берді

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Сәтбаевта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам жасаған ісін мойындады, деп жазады tengrinews.kz.

"Күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді. Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін берді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қала тұрғынына жасалған шабуыл дерегі бойынша полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілңп жатыр".

Тергеу жалғасып жатыр.