Резервтегі әскери қызмет: келісімшарт нысаны бекітілді

0
92

Бұйрық 2025 жылғы 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.


Резервтегі әскери қызмет: келісімшарт нысаны бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрі 2025 жылғы 11 желтоқсандағы бұйрықпен резервте әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың үлгілік нысанын бекітті, деп жазады zakon.kz.

Келісімшарт үш жылға жасалады.

Келісімшарт нысаны мыналарды қамтиды:

  • келісімшартта белгіленген мерзім ішінде резервтегі әскери қызметті өткеруге;
  • жеке басының қауіпсіздігін және өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін жеке қорғану құралдарын мақсаты бойынша қолдануға және пайдалануға;
  • халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери бөлімдері мен бөлімшелері, біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалға қатысуға;
  • резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;
  • уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындауға;
  • өзіне сеніп тапсырылған қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
  • мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдауға;
  • әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
  • әскери қызметшінің жеке мүддесі өзінің лауазымдық өкілеттіктерімен ұштасатын немесе оларға қайшы келетін жағдайда жазбаша түрде баянат беруге және командирді (бастықты) дереу хабардар етуге;
  • әскери қызмет мүддесiне нұқсан келтiретiн жария сөз сөйлеуге жол бермеуге;
  • командирді (бастықты):

– шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;

– Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;

- егер өзіне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті және (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша түрде дереу хабардар етуге;

  • жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндеттенеді.

Сонымен бірге резервте қызмет өткерген адамның құқығы бар делінген:

  • мемлекет есебінен ақшалай төлеммен, заттай мүлікпен, жабдықталымның басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуге;
  • біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескеріп, қызметі бойынша жоғарылауға;
  • жоғары лауазымды адамдардың оларға қатысты қабылданатын шешімдері мен əрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сот тәртібімен шағымдануға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына оқуға түсуге, курстық даярлықтан, кəсіби даярлықтан, қайта даярлықтан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша оқуға түсуге;
  • денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сәйкес келетін қызмет жағдайларына;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
  • жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген толық көлемде бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етілуге;
  • әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде арнайы құралдарды, қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
  • олардың құқықтарын, лауазымдық және арнайы міндеттерін айқындайтын құжаттармен танысуға;
  • жеке ісіне енгізгенге дейін олардың қызметтік ісі туралы пікірлермен және басқа да құжаттармен, жеке іс материалдарымен (мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер бар арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ жеке іске олардың жазбаша түсініктемелерін және басқа да құжаттар мен материалдарды тіркеп қосуға;
  • өзінің және өз отбасы мүшелерінің дербес деректерінің қорғалуына;
  • әскери қызмет ерекшеліктерін ескеріп, тиісті ұйымдық-техникалық және санитариялық жағдайға;
  • жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтануға;
  • жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етілуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, өз құқықтары мен өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталуына құқылы.

Резервте әскери қызмет өткеру туралы осы келісімшарттың талаптары тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылатыны көрсетіледі, тараптардың даулары заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.

Бұйрық 2025 жылғы 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.