Республиканың бірнеше өңірінде үсік жүреді

0
261

Астана қаласында 11 мамыр түні 2 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.


Республиканың бірнеше өңірінде үсік жүреді

ERNUR.KZ. “Қазгидромет” Қазақстанның бірқатар облысында үсік жүруі ықтимал екенін ескертті, деп жазады stan.kz.

11 мамырға қараған түні Ақтөбе облысының солтүстігінде ауа температурасы 2 градусқа төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өрттің қаупі жоғары болмақ.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағытта соғады, ал батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыс және солтүстік бағытта соғады, ал күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде солтүстік пен батыста 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың көптеген аумағында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қарағанды қаласында да түнде 1-3 градус үсік болуы ықтимал, сондай-ақ өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыс бағытта соғады, ал солтүстігі мен шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүруі мүмкін. Қостанай қаласында да түнде 1-3 градус үсік жүреді деген болжам бар.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде батысы мен солтүстігінде 3 градус үсік жүруі мүмкі, ал батысы, оңтүстігі және шығысында өрт қаупі өте жоғары. Павлодар қаласында да 11 мамыр түні 1-3 градус үсік болжанып отыр, жел күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге , ал солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде секундына 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде 1-6 градус үсік жүруі ықтимал. Петропавл қаласында да солтүстік-батыстан жел соғып, желдің екпіні секундына 15-20 метрден, 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Астана қаласында 11 мамыр түні 2 градусқа дейін үсік болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыс бағытта соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.